Ташкентте ауыр атлетикадан жастар арасында әлем чемпионаты өтіп жатыр
Ташкентте ауыр атлетикадан жастар арасында әлем чемпионатында ел қоржынына кезекті жүлде түсті, деп хабарлайды Olympic.kz.
Ұлдар арасында 67 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Ақмолда Сайрамкез жарыстың күміс жүлдесіне ие болды. Қос сайыс нәтижесі бойынша ол 308 (132+176) келіні бағындырды.
Аталған салмақ дәрежесінде Түркия өкілі Өзбек Фуркан 317 келіні бағындырып, топ жарды. Оның командаласы Генч Юсуф 301 келіні бағындырып, үздік үштікті қорытындылады.