Әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы АҚШ-қа есе жіберді
Өкінішке қарай, жерлестеріміз 0:3 есебімен ұтылды

Шайбалы хоккейден әлем чемпионатындағы үшінші кездесуінде Қазақстан құрамасы АҚШ командасына қарсы ойнады, деп жазады Prosports.kz.
Юрий Михайлис келесі құрамды шығарды: Бояркин (Шутов) - Маклюков-Диц, Панюков-Шевченко-Старченко; Орехов-Блэкер, Михайлис-Волк-Савицкий; Степаненко-Шалапов, Шин-Шестаков-Рымарев; Данияр, Әсетов, Аколзин-Сагадеев-Петухов.
Өкінішке қарай, жерлестеріміз 0:3 есебімен ұтылды.
Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстан Латвия мен Финляндияны буллиттен жеңген болатын.
Ертең Михайлис шәкірттері Германиямен ойнайды. Ойын 19:15-те басталады.
АҚШ — Қазақстан 3:0 (1:0, 1:0, 1:0)
Шайбы соққандар:
1:0 — 06:57 Кленденинг (Робертсон, Мур)
2:0 — 21:33 Мур (Джонс)
2:0 — 41:58 Друри (Донато, Теннисон)