Қазақстандық спортшы екі бағдарлама қорытындысы бойынша 248 келіні еңсерді
Өзбекстан астанасы Ташкентте басталған ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына алғашқы алтын түсті. 55 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Абылай Әуелханов екі бағдарлама қорытындысы бойынша 248 келіні еңсеріп (108+140), чемпион атанды.
Абылай жақында өткен ересектер арасындағы Азия біріншілігінде күміске қол жеткізген болатын. Күміс медаль Өзбекстан атлеті Огабек Нафасовқа, қола медаль эквадорлық Зурита Валледжоға бұйырды.