24.05.2021, 04:46
Жаңалықтар
Қазақстан құрамасы әлем чемпионын ұтты
Қазақстанның келесі қарсыласы - АҚШ
Фото: reuters
Хоккейден Қазақстан құрамасы Ригада өтіп жатқан әлем чемпионатының екінші мачтінде Финляндияны ұтты. Финляндия ұлттық құрамасы - 2019 жылғы Әлем чемпионы.
Ойынның негізгі уақыты 1:1 есебімен аяқталды. Финляндия командасынан 34-ші минутта бірінші голды Антон Лунделл салды. Екі жарым минуттан кейін қазақстандық командадан Кирилл Панюков есепті теңестірді.
Овертаймда жеңімпаз анықталмады. Ал булиттер сериясында Қазақстан 3:1 есебімен алға шықты. Қазақстан командасынан гол салғандар: Роман Старченко, Кертис Волк және Никита Михайлис.
2021 жылғы Әлем чемпионатындағы Қазақстан құрамасының ойын кестесі:
- 22 мамыр сағат 23:15-те: Латвия – Қазақстан
- 23 мамыр сағат 19:15-те: Қазақстан – Финляндия
- 25 мамыр сағат 19:15-те: АҚШ – Қазақстан
- 26 мамыр сағат 19:15-те: Қазақстан – Германия
- 28 мамыр сағат 19:15-те: Қазақстан – Канада
- 29 мамыр сағат 15:15-те: Италия – Қазақстан
- 31 мамыр сағат 23:15-те: Норвегия – Қазақстан
Көп оқылған
24.05.2026, 06:14
Түркиядағы туристер көп баратын аймақта жер сілкінді
24.05.2026, 08:28
«Айыппұл төлеу» туралы SMS-тен сақ болыңыз: алаяқтар қазақстандықтарды жаппай алдап жатыр
24.05.2026, 10:03
Еліміздің жеті қаласында ауа сапасы нашарлайды
24.05.2026, 10:35
Өскеменде дүкен өртеніп, құтқарушылар жойқын жарылыстың алдын алды
24.05.2026, 11:15
Азия чемпионаты: отандастырымыз грек-рим күресінен алты медаль еншіледі