Қар көшкінінің алдын алу бойынша жұмыстар жүргізіліп, жиналып қалған 1100 текше метр қар түсірілді
Демалыс және мереке күндері Өскемен қаласына жақын қысқы демалыс орталықтарына демалушылар ағылып келеді. Өскемен - Северное бағытындағы жол бойында автожолдарға кедергі келтіретін қар көшкіні қаупі бар ошақтар көп, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
Ондай қатерді болдырмау мақсатында ШҚО ТЖД «Қазселденқорғау» Шығыс Қазақстан филиалы аталған автожолдың 32-шақырымында қар көшкінінің алдын алу бойынша жұмыстар жүргізді. Жарылыс ұйымдастырылып, жиналып қалған 1100 текше метр қар түсірілді. «Қазселденқорғау» мамандары қар жамылғысы мен таулардағы қар қозғалысын тұрақты бақылауда ұстап отыр. 3-5 тәулік ішінде қатты жауған қардан кейін қар көшкіні қаупі байқалады. Осы уақытта тауға шығудан бас тарту керек, ал қажет болған жағдайда к өшкін қаупі бар ошақтардың жанынан өту кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтаған жөн.