Қазіргі уақытта коронавирус жұқтырған 701 адам ауыр жағдайда жатыр
Денсаулық сақтау министрлігі 22 мамырдағы коронавирус инфекциясымен ауырғандарға қатысты ақпаратты жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК мәліметіне сілтеме жасап.
Өткен тәулікте COVID-19 вирусынан 22 адам қайтыс болды.
22 мамырдағы мәлімет бойынша, 35 211 адам коронавирус инфекциясынан (34 663 КВИ+ және 548 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 12 822 пациент стационарда ем алып жатса, 22 389 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 701 адамның жағдайы ауыр,
• 172 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• 95 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
Сондай-ақ COVID-19 пневмониясына қатысты ақпаратқа сүйенсек, 21 мамырдағы мәлімет бойынша 102 жаңа жағдай тіркелді, 86 адам жазылып шыққан, 3 адам көз жұмған.
Жалпы, 2020 жылдың 1 тамызынан бастап:
науқастар саны – 54 605;
барлығы 50 722 адам сауығып шықты.