Қазақстанға Tesla келетін болды
Америкалық миллиардер Илон Маск Tesla компаниясы ресми түрде Қазақстан мен ТМД-ның басқа да елдеріне келетінін айтты.
«Жақында Ресейге барамыз, Tesla ресми түрде барады. Бұл керемет жаңалық болар еді. Сондай-ақ Қазақстанға, ТМД елдеріне кеңінен қарау керек. Шанхайда біздің зауытымыз бар, енді өндіріс орындары басқа да елдерде ашылса екен дейміз, – деді Илон Маск «Новое знание» марафонында.
Бұған дейін Tesla Алматыда қызмет көрсету орталығын ашуы мүмкін деген хабар тарады. Tesla-ның ресми сайтындағы картаға сүйенсек, сервис орталығы Байтұрсынов көшесі мен Абай даңғылы қиылысында орналасады.
Tesla Motors компаниясының негізі 2003 жылы қаланды. Компанияның штаб пәтері Калифорния штатында орналасқан.