$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
21.05.2021, 14:17
Жаңалықтар

Қызылордада бюджет қаржысын талан-таражға салған шенеуніктердің үстінен іс қозғалды

Басқарма қызметкерлері аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді

Қызылордада бюджет қаржысын талан-таражға салған шенеуніктердің үстінен іс қозғалды
Azattyq Rýhy / Батыржан Беспаев

Қызылорда облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бірнеше қызметкеріне аса ірі көлемде мемлекет қаржысын талан-таражға салғаны үшін қылмыстық іс қозғады, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Департамент мамандары аса ірі көлемде инвестициялық субсидия қаражатын талан-таражға салып, әрі қарай жымқыру дерегі негізінде жұмыс жүргізуде. Бұл бойынша облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы қызметкерлеріне қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабының 4-бөлігінің 2-тармағымен қылмыстық іс тергелуде.

«Облыстық ауылшаруашылық басқармасының бірнеше лауазымды тұлғасы өздерінің қызмет бабын пайдана отырып келеңсіз жағдайларға жол берген. Облыс аумағында 2019-2020 жылдарға арналған бірнеше жоба бойынша инвестициялық субсидия қаражатын үлестіру барысында бірнеше кәсіпкерлік нысандарымен келісімге келген. Сол арқылы аса ірі көлемде мемлекет қаржысын талан-таражға салып, жымқыруды жүзеге асырған. Аталған қызметкерлер бірқатар шаруа қожалықтарында ешқандай жұмыс атқарылмаса да, жабдықтар мүлдем қойылмаса да, олардың толық орындалғаны туралы жалған хаттама толтырып, оған қол қойған. Жүргізілген сот-құрылыс сараптамалары негізінде бірнеше шаруа қожалықтары бойынша мемлекетке келтірілген залал сомасы 26 млн 792 мың теңгені құрап отыр», - деп мәлім етті Қызылорда облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің баспасөз қызметі.

Ведомсто мәліметінше, ҚР Қылмыстық кодексінің 189 бабы 4-бөлігінің 2-тармағы бойынша мұндай қылмысқа жол берген азаматтар белгiлi бiр лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына шектеліп, оларға жеті жылдан он екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Серіктес жаңалықтары