Төлем карталарын қолданғанда абай болыңыз
Қазақстандық банктер мен Қаржыгерлер ассоциациясы төлем карталары мен онлайн қызметтерді қолдану кезінде қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады

Қазір алаяқтықтың телефон арқылы банк қызметкері ретінде таныстырып, шоттар арқылы онлайн операцияларды жүргізу үшін жеке мәліметтерді білуге тырысатын түрі кең тарап отыр, - деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
«Соңғы уақытта Қазақстанда төлем карталарын ұстаушыларды алдаумен айналысатын алаяқтық топтар пайда болды. Жеке мәліметтерді, төлем карталарының реквизиттерін, телефон арқылы код пен құпиясөзді заңсыз жинауға байланысты оқиғалар көбейген. Алаяқтар өзін банк қызметкері ретінде таныстырып шот арқылы операциялар жүргізу үшін жеке мәліметтерді алуға тырысады», - делінген ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Алаяқтықтың көбеюіне байланысты ескерту және түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатымен Қазақстанның Қаржыгерлер ассоциациясы (ҚҚА), сондай-ақ Altyn Bank, Bank RBK, ForteBank, Halyk Bank, Jýsan Bank, Kaspi.kz, Nurbank, Альфа-Банк Қазақстан, Банк ВТБ (Қазақстан), Евразиялық банк, Сбербанк Қазақстан, Хоум Кредит Банкі, ЦентрКредит Банкі келесі қауіпсіздік шараларын сақтауды ұсынады:
1. SMS-хабарлама арқылы келген кодты (құпиясөз) ешімге, сонымен қатар банк қызметкерімін деп хабарласқан тұлғаларға да айтпау.
2. Операцияларға қажетті сенімді нөмір ретінде (банкомат арқылы да) бөтен нөмірді қоспау.
3. Төлем карталарыңыздың реквизиттерін ешкімге айтпаңыз: нөмір, жарамдылық мерзімі мен CVV/CVC (картаның артқы бөлігіндегі 3-таңбалы код). Сонымен қатар картаңыз туралы деректерді интернетте орналастырмаңыз және мессенджер арқылы жібермеңіз.
4. Қоңырау күдікті көрінсе (тіпті банктің контакт-орталығның нөміріне ұқсас болса да) байланысты бірден үзіп, бұл туралы банктік төлем картасының артындағы телефон нөміріне хабарлау керек.
Үшінші тұлғаға карта реквизиттері мен SMS-кодтарды берген жағдайда ақшаңыз ұрлануы мүмкін.
«Карта ұдайы жетілдіріп отыратын, көптеген қорғаныс қабаты бар, қаражатты қашықтықтан басқаруға мүмкіндік беретін қауіпсіз төлем құралы,- дейді ҚҚА қаржы технологияларын дамыту және инновация орталығының директоры Константин Пак,
Қауіпсіздікті сақтау шаралары туралы толығырақ қаржы ұйымдарының сайтындағы клиенттерге арналған нұсқаулықтан білуге болады.