$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
21.05.2021, 00:57
Жаңалықтар

2020 жылы ажырасқандар саны біршама төмендеді – комитет төрағасы

2019 жылы бұл көрсеткіш 42,9% болса, 2020 жылы 37,2%-ды құраған

2020 жылы ажырасқандар саны біршама төмендеді – комитет төрағасы
Фото: voxpopuli.kz

Пандемияға байланысты және карантин басталғалы біраз шаңырақ шайқалғаны рас. Осыған орай, өзекті проблеманы шешу үшін отбасылық құндылықты насихаттау жолында байқаудан бөлек, ынталандыру бағдарламалары қарастырылған ба? Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте журналистер спикерлерге осындай сұрақ жолдады. ҚР АҚДМ Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Шахмардан Баймановтың айтуынша, былтыр елімізде ажырасулар саны азайған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Ресми статистикалық мәліметтерге сәйкес, 2020 жылы ажырасқандар саны 2019 жылмен салыстырғанда төмендеген. 2019 жылы 42,9% болса, 2020 жылы бұл көрсеткіш 37,2% құраған. «Мерейлі отбасы» байқауы – отбасы мен некенің жағымды үлгісін дәріптеуге, отбасылық мәртебесін арттыруға бағытталған үлкен имидждік жоба. Ол қазіргі кезде отбасы құндылықтарын нығайтуға үлкен септігін тигізеді деп ойлаймын. Бұдан бөлек, жергілікті атқарушы органдарда да, орталық деңгейде де бірқатар ірі жобалар іске асырылады. Мысалы, 2020 жылы 91 жоба ұйымдастырылды. 2021 жылы олардың саны 124-ке жетті», - деді Ш. Байманов. 

Оның айтуынша, бұл жобалар отбасылық құндылықтарды нығайтуға, институционализациялау, жастар арасында репродуктивті денсаулық, әртүрлі консультациялық қызметтер көрсетуге бағытталған. Сондай-ақ әр өңірде жас отбасыларға түрлі консультациялық қызметтер ұсынатын «Бақытты отбасы» орталықтары ашылды.

Серіктес жаңалықтары