$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
20.05.2021, 23:12
Жаңалықтар

Журналистер арасында «Аманат» байқауы жарияланды

Конкурс қорытындысы БАҚ қызметкерлері күніне орай жарияланады

 
Журналистер арасында «Аманат» байқауы жарияланды

Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері арасында «Аманат» конкурсының басталғанын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

VII шақырылған Парламенттің І сессиясы ашылған күннен бастап 20 мамырға дейін Сенат қызметін жария ету жөніндегі авторлық ұжымдардың да, жекелеген авторлардың да БАҚ-та жарияланған материалдары конкурсқа қатысуға жіберіледі.

«Сіздерді конкурсқа қатысуға және өз жұмыстарыңызды жіберуге шақырамыз. Конкурс қағидасының толық мәтіні және өтінішке қажетті бланкі Сенаттың ресми сайтындағы «БАҚ-қа арналған» бөлімінде орналастырылды», - делінген Сенат баспасөзінің хабарламасында. 

Материалдарды қабылдау 10 маусымда аяқталады.

Конкурс қорытындысы ҚР Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күніне орай шығарылып, лауреаттар жарияланады.

Материалдарды Сенаттың баспасөз қызметінің Senat_Press@parlam.kz электрондық поштасына жіберу қажет. Анықтама телефондары: 74-72-39, 74-72-40.

Серіктес жаңалықтары