Ол бұған дейін ҚР ЭГТРМ Трансшекаралық өзендер департаментінің директоры қызметін атқарды
ҚР Үкіметінің Қаулысымен Әлия Лазаревна Шалабекова Қазақстан Республикасының экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әлия Шалабекова 1976 жылы Қостанай облысында туған. Қазақ мемлекеттік заң университетін, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын, Колумбия университетін бітірген.
Еңбек жолын 1998 жылы ҚР Әділет министрлігінің Қаржылық және ресурстық қамтамасыз ету департаментінің қаржы бөлімінің бас маманы қызметінен бастады.
1999-2008 ж.ж. – ҚР Әділет министрлігінің құрылымында түрлі қызметтер атқарды.
2008-2012 ж.ж. – ҚР Жер ресурстарын басқару агенттігінде басшылық лауазымдарда жұмыс істеді.
2012 жылғы мамыр-шілде аралығында – «Нұр Отан» ХДП Жоғары партия мектебінің сараптау және үйлестіру секторының меңгерушісі.
2014 жылғы маусым-қазан аралығында – ҚР Қоршаған ортаны қорғау және су ресурстары министрлігінің Халықаралық ынтымақтастық департаменті директорының міндетін атқарушы.
2014-2019 ж.ж. – ҚР Энергетика министрлігінде басшылық қызметтерде болды.
2019-2020 ж.ж. – ҚР ЭГТРМ Экологиялық саясат және тұрақты даму департаментінің директоры.
2020 жылғы мамырдан қазіргі уақытқа дейін ҚР ЭГТРМ Трансшекаралық өзендер департаментінің директоры болды.