ШұғылҚазақстанда коронавируспен ауырғандар саны 404 мыңнан асты

Ауа райы: Қазақстанның бірнеше өңірінде ескерту жарияланды

Еліміздің жеті облысында күн күркіреп, қатты жел соғады

 
Фото: ашық дереккөзден

Синоптиктер ауа райының бұзылуына байланысты еліміздің жеті облысында дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

21 мамыр күні күндіз Атырау облысында солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа ауысып жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді. Күндіз кей жерлерде 35 градус қатты ыстық болады.

Батыс Қазақстан облысында түнде кей жерлерде найзағай ойнайды. Жел солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа ауысып соғады, күндіз облыстың оңтүстік-батысында 15-20 м/с жетеді.

Ақтөбе облысының кей жерлерінде найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз кей жерлерінде екпіні 18 м/с жетеді.  

21 мамыр күні күндіз Маңғыстау облысында қатты ыстық 38-40 градус болады.

Түркістан облысының тауларында найзағай, дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с жетеді.

Ақмола облысының шығысында күндіз найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз кей жерлерде күші 15-20 м/с жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысының түнде кей жерлерінде найзағай болады. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с, күндіз екпіні 25 м/с жетеді.