Қазақстан командасының алғашқы кездесуі 22 мамырға жоспарланған
Хоккейден Қазақстан командасының бапкерлер кеңесі Ригадағы әлем чемпионаты қарсаңында команда капитанын бекітті. Бұл туралы федерацияның ресми сайтында хабарланған.
Капитаннан бөлек, оның ассистенттерінің де есімі белгілі болды. Әлем чемпионатында Қазақстан командасының капитаны міндетін Әлихан Әсетов атқарады. Роман Старченко мен Даррен Диц - оның көмекшілері.
Айта кетейік, Рига қаласында өтетін әлем чемпионаты 21 мамырда басталады. Қазақстан командасының алғашқы кездесуі 22 мамырға жоспарланған. Қазақстан құрамасының барлық кездесуі QazSport телеарнасынан көрсетіледі.
2021 жылғы Әлем чемпионатындағы Қазақстан құрамасының ойын кестесі: