$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
20.05.2021, 09:14
Жаңалықтар

Тоқаев Мемлекеттік сыйлық иегерінің жақындарына көңіл айтты

Академик Аманжол Қошанұлы қайтыс болды

Тоқаев Мемлекеттік сыйлық иегерінің жақындарына көңіл айтты
фото: Аманжол Қошанов

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев аса көрнекті ғалым, академик Аманжол Қошановтың отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтты

Мемлекет басшысы аса көрнекті ғалым, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі, экономика ғылымдарының докторы, профессор, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Аманжол Қошанұлы Қошановтың дүниеден өтуіне байланысты марқұмның отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтып, жеделхат жолдады.

«Аманжол Қошанұлы ұзақ жыл табысты еңбек етіп, бар күш-жігерін отандық ғылымды дамытуға арнады. Нарық қатынасына көшу кезеңінде іргелі реформаларды жүзеге асырудың тиімді жолдарын терең зерттеді. Білікті мамандар даярлау ісіне де өз үлесін қосты. Игі қызметімен ел-жұрт алдында құрметке бөленіп, соңына өшпес із, ғылыми мол мұра қалдырған Аманжол Қошанұлының есімін халқымыз әрдайым ардақ тұтады», - делінген жеделхатта.

Аманжол Қошанұлы Қошанов 1934 жылы 11 қазанда Солтүстік Қазақстан облысы, Шал ақын ауданы, Алқаағаш ауылында дүниеге келген. Ол 400-ден аса ғылыми жарияланымның, оның ішінде 36 монографиялық еңбектің авторы.

1995 жылы Аманжол Қошановқа ғылым мен қоғамдық қызметтегі орасан зор еңбегі үшін Қазақстан президентінің жарлығымен «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген ғылым және техника қайраткері» құрметті атағы берілді. 2004 жылы «Парасат» орденімен, «Еңбекте үздік шыққаны үшін», «Еңбектегі ерлігі үшін» медальдарымен марапатталды.

Серіктес жаңалықтары