«Бізге естілмейді»: Мамай мен Иманбай соталды дайындықта WhatsApp байланысқа шағымданды

Бұған дейінгі отырыста да жауап берушілер дәл осындай шағым айтқан болатын

«Бізге естілмейді»: Мамай мен Иманбай соталды дайындықта WhatsApp байланысқа шағымданды
Фото ашық дереккөзден

Алматының Әуезов аудандық сотында Nur Otan партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбектің белсенді Жанболат Мамай мен Инга Иманбайға қарсы талап-арызы бойынша соталды дайындық отырысы басталды. Жауап беруші тарап байланыстың нашар екенін айтып, процестің басқа платформада өтуін талап етті.

Еске салайық, өткен аптада болған соталды дайындық отырысында да ерлі-зайыптылар ұзақ уақыт байланыстың нашарлығына шағымданып, процесс бірнеше минутқа кеш басталған болатын.

Бүгінгі отырыста Жанболат Мамайдың мүддесін қорғаушылардың қатарына заңгер Е.Қалиев қосылды. Судья Райхан Сартаева Ж.Мамайға арызданушының жеке басына қатысты мәлімдеме жасағаны үшін ескерту жасады.

Еске салайық, бұған дейін белсенді Жанболат Мамай мен оның әйелі Инга Иманбай интернетте Nur Otan партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбекті айыптаған видеоматериалдар жариялаған болатын. Байбек мұның жала екенін айтып, өзінің ар-намысын заң аясында қорғайтынын мәлімдеді.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.