ШұғылЕлордада Парламент палаталарының бірлескен отырысы басталды

Нұр-Сұлтанда III Халықаралық энергия үнемдеу форумы өтеді

 Жетекші мамандар энергия тиімділігін арттыру саласындағы тәжірибе мен инновациялық шешімдер алмасады

Фото: ашық дереккөзден

Еліміздің бас қаласында 2021 жылдың 28 мамырында онлайн форматта III Халықаралық энергия үнемдеу форумы өтеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жетекші мамандар энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы тәжірибе мен инновациялық шешімдер алмасу үшін бірыңғай диалог алаңына жиналады. 

Халық арасында энергия үнемдеуді танымал ету мақсатында форум ұйымдастырушылары «Энергия үнемдеу балалар көзімен" атты үшінші республикалық балалар суреттер байқауының және мемлекеттік ұйымдар арасында «Үздік энергиятиімді бюджеттік мекеме» атағына үшінші конкурстың басталуын жариялады, оның ішінде алғаш рет Энергия аудиторлар мен энергия менеджерлер арасында кәсіби марапат беріле отырып конкурс өткізіледі.  

Форум Қазақстандағы Дүниежүзілік Банктің қолдауымен «Электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу институты» АҚ атынан Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің бастамасы бойынша ұйымдастырылды. Форум туралы толық ақпарат, қатысушыларды тіркеу www.eeq.kz сайтында орналасқан.