$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
17.05.2021, 12:33
Жаңалықтар

Тоқаевты туған күнімен құттықтауға әкімшілік қызметкерлеріне де рұқсат етілмеді

Президенттің әулетінде балалардың да, үлкендердің де туған күнін тойлау дәстүрі қалыптаспаған

Тоқаевты туған күнімен құттықтауға әкімшілік қызметкерлеріне де рұқсат етілмеді

ҚР Президентінің баспасөз хатшысы «Мемлекет басшысы туған күнін қалай атап өтеді?» деп сұрап жатқан БАҚ өкілдеріне тағы да жауап бері.  

«Бұл жайында былтыр арнайы түсініктеме берген едік. Дегенмен тағы бір мәрте айта кетейік. 17 мамыр әдеттегідей жұмыс күні. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бекітілген кестеге сәйкес жұмыс істейді. Сондықтан ешқандай іс-шара ұйымдастырылмайды, тіпті, әкімшілік қызметкерлеріне де Президентті құттықтауға рұқсат етілмеді. Мемлекет басшысы үшін бүгін қалыпты жұмыс күні. Оның әулетінде балалардың да, үлкендердің де туған күнін тойлау дәстүрі қалыптаспаған», - деді Берік Уәли.

Президентті көрші мемлекеттердің басшылары және Үкімет, Парламент, халықаралық ұйымдардың жетекшілері жүрекжарды тілектерін жеделхаттар арқылы жолдауда, сондай-ақ, телефон шалып құттықтауда.

17 мамыр - Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың туған күні. Мемлекет басшысы 68 жасқа толды. Ол 1953 жылы 17 мамырда Алматы қаласында туған. Әкесі – Кемел Тоқайұлы Тоқаев (1923-1986) Ұлы Отан соғысының ардагері, белгілі жазушы, қазақ әдебиетінің детективті-шытырман оқиғалы жанрының негізін қалаушы. Шешесі – Тұрар Шабарбаева (1931-2000) Алматы шет тілдері педагогикалық институтында қызмет еткен.

Президенттің Ақорда сайтындағы өмірбаянында оның саламатты өмір салтын ұстанатыны, көркем шығармаларды, саяси және мемуарлық бағыттағы әдебиеттерді оқығанды ұнататыны айтылған.

Ажырасқан. Тимур есімді ұлы бар.

Серіктес жаңалықтары