Тәуелсіздік жылдары қалыптасуына арналған жұмыстарға арнайы номинация енгізілді
Баспа, радио, интернет-журналистика саласындағы үздіктерді анықтау үшін URKER – 2021 ұлттық бәйгесіне өтінімдер қабылдау басталды.
Республика аумағында медиаконтент өндіретін және тарататын республикалық және өңірлік радиостанциялар, баспа және интернет-басылымдар бәйгеге қатыса алады.
Өтінімдерді қабылдау уақыты: 17 мамырдан 15 маусымға дейін.
Конкурстық жұмыстар 2020 жылдың 1 қарашасы мен 2021 жылдың 1 маусым аралығында жарияланып, басылымында, интернет-ресурста жариялануы не радиоэфирде шығуы тиіс. Әр үміткер бәйгенің тек екі номинациясына қатысуға құқылы.
Өтінімдер urker-awards.kz ресми сайтында 11 номинация бойынша қабылданады:
Биыл ұйымдастырушы комитет еліміздің Тәуелсіздік жылдары қалыптасуына арналған жұмыстарға арнайы номинацияны енгізді.
Тәуелсіз қазылар алқасының құрамына енген кәсіби журналистер, саланың еңбек сіңірген қайраткерлері және Әзірбайжан мен Германияның халықаралық медиа-сарапшылары жұмыстарды бағалайтын болады.
Ұлттық бәйге жеңімпаздары «Үркер» естелік мүсіншесінің және бір миллион теңге мөлшеріндегі қаржылай сыйлықтың иегері болады.
Ұлттық бәйге ұйымдастырушылары - ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, «Медиа дамыту қоры» корпоративтік қоры және «Қазмедиа орталығы» басқрушы компаниясы.
«URKER» - баспа, радио, интернет-журналистика саласындағы үздік жетістіктер үшін беріледі, аймақтардағы мультимедиялық журналистиканы дамытуға ықпал етуге, журналистика мәртебесін арттыруға, кәсіби стандарттар мен критерилерді бекітуге, азаматтық белсенділікті арттыруға бағытталған.