ШұғылҚазақстанда бір тәулікте 1,5 мыңға жуық адам коронавирус жұқтырды

Жемқорлыққа қарсы департаменттің аға офицері 12 жылға бас бостандығынан айырылды

Ол ЖШС басшысын пара беруге айдап салып, 60 млн теңгесін иемденген

Azattyq Rýhy / Батыржан Беспаев

Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында алаяқтық пен пара беруге айдап салу фактісі бойынша М. Есімді азаматқа қатысты қылмыстық іс қаралды.

2019 жылғы 5 маусымда М. Ақтөбе облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің аға офицері бола тұра, ЖШС басшысын қосымша салық және пайыздарды төмендету мәселесін реттеу себебімен пара беруге айдап салып, оның 60 000 000 теңге ақшасын иемденген.

Сотталушының кінәсі жәбірленушінің, куәгерлердің жауабымен, тергеу әрекеттері хаттамаларымен, жедел іздестіру шараларымен және сараптама қорытындыларымен толық қуатталады.

Қылмыстық кодекстің 190-бабының 4-бөлігінің санкциясында 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Бұл ауыр қылмыс.

ҚК-ның 367-бабының 4-бөлігінің санкциясында 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Бұл аса ауыр қылмыс.

Жаза тағайындағанда, сот қылмыстық жауаптылық пен жазасын ауырлататын мән-жай ретінде қабылданған антты бұзғанын таныды.

Соттың үкімімен М. 12 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, жазаны қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде өтеу белгіленді. Сондай-ақ сотталушы М. Өмір бойына мемлекеттік қызметте белгілі бір лауазымды атқару құқығынан айырылды.

Қылмыстық жолмен алынған мүлік мемлекет кірісіне тәркіленді.