13 мамырға арналған ауа райы болжамы
Республиканың бірқатар өңірінде әлі де жаңбыр жауып, найзағай ойнайды

Синоптиктер бейсенбі, яғни 13 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидромет» баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен Қазақстанның батыс, шығыс және солтүстік-шығыс бөліктерінде әлі де тұрақсыз ауа райы сақталады, жаңбыр жауып, найзағай болады. Республиканың қалған аймақтары жоғары атмосфералық қысым алқабында болғандықтан, ауа райы көбінесе жауын-шашынсыз болады. Республика бойынша кей жерлерде жел күшейеді, оңтүстік және солтүстікте тұман түсіп, оңтүстік батыста шаңды дауыл соғады, шығыста бұршақ жаууы ықтимал», - делінген хабарламада.
Атап айтқанда, Түркістан, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде шаңды дауыл болып, жел 15-20 м/с, Түркістан облысында желдің екпіні 23 м/с күшейеді.
Түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман болып, күндіз желдің күші 15-20, екпіні 23 м/с дейін жетеді.
Жамбыл, Атырау, Павлодар, күндіз Ақмола, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Жамбыл облысында тұман түсіп, күндіз Шығыс Қазақстан облысында бұршақ жаууы ықтимал, Қызылорда облысында шаңды дауыл соғады.
Қызылорда облысының кей жерлерінде, Алматы облысының жекелеген ауданында өте жоғары өрт қаупі сақталады.