Семейлік кәсіпкер Риддердегі өрттен зардап шеккендерге 10 миллион теңге бөлді
Көмек қоры жиналған екі жүк көлігі Риддер қаласына жөнелтілді
Қазіргі уақытта Семей қаласының тұрғындары мен кәсіпкерлері арнайы шотқа 16 млн теңгеден астам қаражат аударып, гуманитарлық көмек жинады. Қала әкімдігінің хабарлауынша, аталған соманың көп бөлігін, атап айтқанда 10 млн теңгені «Фирма Азия» ЖШС бөлген, деп хабарлайды Altaynews.kz.
«Тек бірігіп қана біз барлық қиындықты жеңе аламыз. Бұл жағдайда да жерлестерімізге көмек көрсету керек. Барлық жанашыр тұрғындар мен кәсіпкерлерді өрт салдарынан зардап шеккен жерлестерімізге көмек көрсетуге шақырамын», - деді «Фирма Азия» ЖШС директоры Сәуле Досқожанова.
Айта кету керек, қала кәсіпкерлері 15 тоннаға жуық азық-түлік жинады. «Агрофирма – Приречный» ЖШС 5 тонна пияз және 5 тонна қырыққабат бөлді. «Ай-Ар» ЖШС 350 кг 1 сұрыпты ұн, "АҚ-нан КЗ" ЖШС 250 кг ұн, «Семнан» ЖШС-і өз өндірісінің ұннан жасалған кондитерлік өнімдерін, атап айтқанда, 10 қорап печенье, 10 қорап қытырлақ нан және сонша тәтті тоқаштар жіберді.
«Semei Qus» ЖШС 2 санаттағы 10 қорап жұмыртқа, ал «Апрель» көпфункционалды кешені гуманитарлық көмек үшін 50 кг күріш, 100 кг макарон өнімдері, 50 кг қарақұмық жармасы, 50 литр күнбағыс майы, сондай-ақ 50 кг ұн мен қант бөлді.
12 мамыр күні Семей аталған көмек қоры жиналған екі жүк көлігі Риддер қаласына жөнелтілді.