ШұғылҚазақстанда бір тәулікте 1,5 мыңға жуық адам коронавирус жұқтырды

Жаңбыр жауады: 12 мамырға арналған ауа райы болжамы

Еліміздің солтүстік аумағында үсік жүруі мүмкін

Фото: ашық дереккөзден

Синоптиктер сәрсенбі, яғни 12 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«ҚР басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады, найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Республика бойынша тұман түсіп, найзағай ойнайды, желдің күшейіп, дауыл соғады, сондай-ақ, бұршақ жаууы ықтимал», - делінген хабарламада.

Атап айтқанда, Ақмола, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, жел 15-20 м/с күшейеді.

Жамбыл, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде найзағай, тұман болып, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді, Жамбыл облысында бұршақ жаууы ықтимал.

Шығыс Қазақстан, күндіз Павлодар, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде жел 15- 20 м/с күшейеді, күндіз Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай соғады.

Атырау, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде найзағай болып, түнде Маңғыстау облысында жел 15- 20 м/с күшейеді.

Алматы, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде найзағай ойнайды, жел 15- 20 м/с күшейеді, бұршақ жаууы ықтимал, Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде дауыл соғады.

Түркістан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, тауда найзағай ойнайды.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде 1 градус суық болып, үсік жүреді.

Қызылорда облысының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.