Павлодар облысында үш айда ірі және орта кәсіпорындардан 9,4 мың адам жұмыстан шыққан

Олардың 80,6 пайызы өз еркі және еңбек тәртібін бұзғанына байланысты шыққан

Павлодар облысында үш айда ірі және орта кәсіпорындардан 9,4 мың адам жұмыстан шыққан
Фото: ашық дереккөзден

Павлодар облысында үш айда ірі және орта кәсіпорындардан 9,4 мың адам жұмыстан шыққан. Бұл туралы Павлодар облысы бойынша статистика департаменті мәлім етті, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

«2021 жылғы 1-тоқсанда облыстағы ірі және орта кәсіпорындар мен ұйымдарға 8,2 мың адам жұмысқа қабылданды. Әр түрлі себептер бойынша 9,4 мың адам жұмыстан шыққан. Жұмыстан шыққан қызметкерлер арасынан тұрақтамау себептері бойынша яғни, өз еркі және еңбек тәртібін бұзғанына байланысты шыққандар үлесі – 80,6 пайызды құрайды», - деді департаменттегілер.

Сонымен қатар, персонал санының қысқартылуы мен кәсіпорынның таратылуына байланысты жұмыстан шыққандар – 0,4%, түрлі себептер бойынша (біліктілігінің жетіспеуі салдарынан қызметкер атқарып жүрген лауазымына немесе орындайтын жұмысына сәйкес келмегеніне, тараптардың еркінен тыс мән‐жайларға байланысты және басқа себептер бойынша) – 19%-ды құрады.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.