09.05.2021, 14:08
Жаңалықтар
Қазақстанда вакцина салған тұрғындар саны 1 млн 678 мыңнан асты
Вакцинациялау бойынша өңірлер арасында Алматы қаласы көш бастап тұр
Фото: Известия.ру
9 мамырдағы мәлімет бойынша Қазақстанда 1 678 604 адам COVID-19 вирусына қарсы вакцина салдырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бүгінгі таңда елімізде 1 678 604 адам коронавирус вакцинасының бірінші компонентін салдырды. Екінші компонентті салдырғандар саны 592 686 адамға жетті.
Халықты вакцинациялау бойынша өңірлер арасында Алматы қаласы көш бастап тұр. 251 823 алматылық тұрғын вакцинаның бірінші компонентін алып үлгерген.
Ал ең аз вакцина салынған өңір ретінде Маңғыстау облысы тіркелді. Бұл облыстағы тек 32 174 адамға вакцинаның бірінші дозасы егілген.

Көп оқылған
01.10.2026, 09:38
Ақтауда бір топ полицей түнгі клубтардың бірінде алаңсыз жүрген жас жігітке тап берді (ВИДЕО)
01.10.2026, 09:35
«Жалаңаяқ қыз» әнінің бағын ашқан танымал әнші өмірден озды
01.10.2026, 14:18
Астанада блогер Ерболат Жанабылов әйелімен жанжалдасқаннан кейін қамалды
01.10.2026, 16:20
Ұлдананың анасы да, оның отбасы да Әділет Зейнелді жәбірленушілер қатарынан көргісі келмейді – адвокат