Өткен тәулікте елімізде 2496 адамнан коронавирус анықталды
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 8 мамырда жариялаған өңірлердегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, еліміздің жеті өңірі әлі де «қызыл» аймақта тұр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Атап айтқанда:
«Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар облыстары тұр;
«Сары» аймақта: Алматы, Атырау, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау облыстары тұр;
«Жасыл» аймақта: – Жамбыл, Түркістан, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары тұр.
Айта кетсек, өткен тәулікте республика бойынша 2496 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды. Жалпы, еліміз бойынша COVID-19 вирусымен ауырғандар саны 327 995 адамға жетті. Сондай-ақ елімізде коронавирустан бір тәулікте тағы 31 адам көз жұмды.