Алматы әуежайына да «Ashyq» мобильдік қосымшасы енгізіледі

Бас санитар дәрігер карантин туралы жаңа қаулыға қол қойды

Алматы әуежайына да «Ashyq» мобильдік қосымшасы енгізіледі
Фото: kursiv.kz

Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу мақсатында «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі жүргізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына мынадай өзгеріс енгізілді:

Вакцинация екі кезеңмен жүргізіледі: 0,5 мл дозада I компонентпен, содан кейін вакцинация күнін есептемегенде 45 күннен кейін - 0,5 мл дозада II компонентпен; бұл ретте кейбір жағдайларда егілушілердің өтінішінің негізінде 21 күннен 90 күн кезеңінде «Гам-КОВИД-Вак» вакцинасымен ІІ компонентпен вакцинациялау жүргізуге жол беріледі.

Сонымен қатар, «Кәсіпкерлік объектілерінде «Ashyq» мобильдік қосымшасын енгізу туралы» ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 30 сәуірдегі № 18 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

- Нұр-Сұлтан қаласының әуежайы (2021 жылғы 21 мамырдан бастап);

- Алматы қаласының әуежайы (2021 жылғы 21 мамырдан бастап) «Ashyq» мобильдік қосымшасы енгізілсін.

Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

Қаулының толық мәтінімен мына жерден таныса аласыздар.

 
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.