Үсік жүреді: 7 мамырға арналған ауа райы болжамы

Республиканың оңтүстік және оңтүстік-шығысында бұршақ жаууы ықтимал

Үсік жүреді: 7 мамырға арналған ауа райы болжамы
Фото: ашық дереккөзден

Синоптиктер жұма, яғни 7 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қазақстан территориясының басым бөлігінде фронталды бөліктерінің өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы болады, кей жерлерде жаңбыр жауады, найзағай соғады. Тек еліміздің батысы және солтүстігі антициклонның ықпалында болғандықтан жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республиканың кей жерлерінде желдің күшеюі, оңтүстік және оңтүстік-шығыста шаңды дауылмен бірге күшейеді, бұршақ жаууы ықтимал», - дейді синоптиктер.

Атап айтқанда, Жамбыл,  Түркістан, Алматы облыстарының кей жерлерінде бұршақ жауыы ықтимал, жел 15-21 м/с күшейеді,

Түркістан, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде қатты дауыл соғуы мүмкін.

Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, күндіз Павлодар, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Түнде Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде 2 градус үсік жүреді.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.