Қаулы 2021 жылғы 7 мамыр күні сағат 00:00-ден бастап күшіне енеді
Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері қаладағы карантин шаралары туралы жаңа қаулы қабылдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары және қонақтарына бұқаралық іс-шараларды, отбасылық, еске алу іс-шараларын қосқанда, оның ішінде үйде (ауыз ашар, банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу және т.б.), «Ashyq» жобасына қатысатын объектілерде өткізілетін іс-шараларды қоспағанда (30 адамнан артық емес), ұйымдастыру және өткізуге, митингілер, шерулер, жиындар және т. б. өткізуге және қатысуға тыйым салынады.
Сондай-ақ, «Ashyq» жобасына қатысатын кәсіпкерлік объектілеріне кіру үшін App Store және Play Market-тен жүктеп алуға болатын «Ashyq» мобильді қосымшасын пайдалану қажет.
Қосымша төмендегі кәсіпкерлік объектілерінде жұмыс істейтін болады:
1) фитнес-клубтар, йога орталықтары;
2) спа орталықтары;
3) сауналар, бассейндер;
4) компьютерлік клубтар, PlayStation клубтары (16 жасқа дейінгі тұлғаларды қоспағанда);
5) боулинг клубтары, орталықтары;
6) кинотеатрлар;
7) театрлар және филармониялар;
8) банкет залдарын, асхана, фаст-фуд, стрит-фуд үлгісіндегі объектілерді қоспағанда қоғамдық тамақтану объектілері;
9) облысаралық және қалааралық жүйелі емес (туристік) тасымалдар;
10) бильярд клубтары;
11) концерт залдары;
12) ерікті қатысушылар;
13) караоке;
14) банкет залдары;
15) көрмелер;
16) океанариум;
17) марафондар;
18) көрермендермен спорттық іс-шаралар.
Өндірістік қажеттілікке байланысты меншік нысанына қарамастан мемлекеттік органдардың (ұйымдардың), ұлттық компаниялардың, кәсіпорындардың әкімшілік персоналының кемінде 80% қашықтықтан жұмыс режиміне көшу. Қызметкерлерді COVID-19-ға қарсы вакцинациялау жүргізілген жағдайда қашықтықтан және күндізгі жұмыс форматында жұмыс істейтін қызметкерлердің жұмысы пайыздық арақатынасы бойынша талаптарды ескермей жүзеге асырылады. Бұл ретте COVID-19-ға қарсы вакцинаның толық курсын алған және соңғы 6 ай ішінде COVID-19-бен ауырып жазылған барлық қызметкерлердің күндізгі режимде жұмыс істеуіне жол беріледі.
Қаулы 2021 жылғы 7 мамыр сағат 00:00-ден бастап күшіне енеді.
Қаулының толық мәтінімен мына жерден танысуға болады.