05.05.2021, 12:51
Жаңалықтар
Елбасы протоколын басқарған Арслан Дәндібаев жаңа қызметке тағайындалды
Бүгін Елбасы протоколының бастығы болған Арслан Дәндібаев басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босатылған еді
Бүгін ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы протоколының бастығы қызметінен босатылған Арслан Дәндібаев Алматы облысы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды.
Бұған дейін аймақ басшысының орынбасары болған Әли Рустам басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босатылып, орнына Арслан Дәндібаев тағайындалды.
Арслан Дәндібаев 1975 жылы дүниеге келген. Алматыдағы Абай атындағы мемлекеттік университетті тәмамдаған.
1997 жылдан бері түрлі дипломатиялық қызмет атқарған. 2018-2019 жылдары - ҚР Президенті протоколы басшысының орынбасары болды. 2019 жылдан бері ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы протоколының басшысы қызметін атқарды.
Көп оқылған
04.11.2026, 17:54
Қуандық пен Сағындық: Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Қозыке әулетінің құпиясын жайып салды (ВИДЕО)
04.11.2026, 16:09
Павлодарда мектеп басшылығы екі оқушы қыздың зорланғаны туралы полицияға хабарлаған
Бүгін, 02:13
Қыздарына барып келе жатқан: ерлі-зайыпты Астана – Петропавл тас жолында жол апатынан қаза тапты
04.11.2026, 15:24
«Полиция формасын хэллоуинге теңеген»: әйел адам әзілдемеймін деп басы дауға қалды (ВИДЕО)
04.11.2026, 16:32
Қайғылы жағдай: Текеліде 11 жастағы қыз баланы экскаватор басып кетті
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды