Жаңа жылда балконнан салют атуға тыйым салынады

Автор: Azattyq Rýhy

Қалалық Төтенше жағдайлар басқармасының ақпаратына сенсек, былтыр Жаңа жылда үш балконда өрт шыққан

Фото: ашық дереккөзден

Жаңа жыл мерекесінде балконда тұрып салют атуға тыйым салынады. Бұл туралы Өскемендегі Полиция басқармасының азаматтық және қызметтік қару айналымын бақылау бөлімінің инспекторы Айдар Манженов айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Altaynews.kz-ке сілтеме жасап.

Қалалық Төтенше жағдайлар басқармасының ақпаратына сенсек, былтыр Жаңа жылда үш балконда өрт шыққан. Осыған байланысты құтқарушылар тобы дабыл қағуда, деп жазады.

«Былтыр балконда от-шашу жағамын деп көршілерінің балконын өртеп алған қаншама оқиға тіркелді. Сондықтан да, от-шашуды ашық жерде жаққан дұрыс. Аталған талапты сақтамағандар, ҚР ҚК-нің 434 бабы «Бұзақылық» бойынша әкімшілік жазаға тартылады», - дейді инспектор Айдар Манженов.