11.12.2019, 01:51
Жаңалықтар
Атырауда жеке үйден үш адамның денесі табылды
Олар газдан улануы мүмкін деген күдікпен сараптама жүргізіліп жатыр
Фото: ашық дереккөзден
Атырауда үш адамның өліміне қатысты іс тергеліп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Атырау облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Олар таратқан мәліметке сай, қала маңындағы жаңа аудан – «Жұлдыздағы» жеке үйлердің бірінен үш адамның денесі табылған. Ажал құшқан үшеудің екеуі — ер адам, біреуі — әйел. Олар газдан улануы мүмкін деген күдікпен сараптама жүргізіліп жатыр.
Полиция департаментінің хабарлауынша, сотқа дейінгі тергеу де жүргізіліп жатыр. Адамдардың неден өлгені анықталғаннан кейін ғана қылмыстық іс қозғау-қозғамау туралы шешім қабылданады.
Көп оқылған
03.10.2026, 06:18
Жамбыл облысында жүк пойызы 70 қойды қағып кетті
03.10.2026, 16:30
4 қазан күні ауа райы қандай болады
03.10.2026, 12:31
Аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікті бес жылдан кейін Қазақстанға қайтарылды
03.10.2026, 18:30
Шымкентте дрифт жасаған жүргізуші 10 тәулікке қамалды
03.10.2026, 08:23
Қазақстан Азия ойындарының кезекті жарыс күнінде 13 медаль жеңіп алды