ШұғылЕлімізде тағы 7778 адамнан коронавирус анықталды

«Барыс» хоккей клубының 13 ойыншысы командадан кетіп қалды

Хоккейшілердің келісімшарт мерзімі аяқталған

Фото ашық дереккөзден

Елордалық «Барыс» хоккей клубында өнер көрсеткен 13 ойыншы командадан кетті. Олардың үшеуі жаңа клубқа ауысып үлгерген деп жазады Vesti.kz.

Кеткен ойыншылардың қатарында қақпашылар: Сергей Кудрявцев, Хенрик Карлссон және Йони Ортио, қорғаушылар: Джесси Блекер, Дилон Хатерингтон, Алекс Линтунием, Виктор Сведберг және Леонид Метальников, шабуылшылар: Фил Варон, Якоб Лилья және Мэтт Фрэттин бар.

Дегенмен, «Барыс» клубының баспасөз қызметі кеткен 7 хоккейшінің статусы әлі белгісіз екенін, яғни команда сапынан біржола кетіп қалмағанын мәлімдеді. Олармен келісімшартты созу мәселесі әлі шешілмеген.

30 сәуірде «Барыс» хоккейшілерінің көпшілігімен келісімшарт мерзімі аяқталған.

Ал,шабуылшы Павел Акользин мен қорғаушы Алексей Маклюков Магнитогорск қаласының «Металлург» хоккей клубына ауысқан. Тағы бір шабуылшы Линус Видель болса жаңа маусымда «Юргорден» (Стокгольм, Швеция) клубының намысын қорғайтын болады.

Тегтер: