Қазақстанға бір тәулікте 3617 жолаушы ұшып келді

Автор: Azattyq Rýhy

Барлық жолаушы COVID-19-ға ПТР тестілеу туралы анықтамамен келген

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті 2 мамырда халықаралық авиарейстермен келген жолаушыларға қатысты ақпарат ұсынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

2 мамырында Қазақстан Республикасының аумағына Германия, БАӘ, Мальдив Республикасы, Мысыр, Грузия, Украина, Тәжікстан, Ресей Федерациясы, Өзбекстан және Қырғызстаннан 24 халықаралық әуе рейсі келді.

Өткен тәулікте 3 617 авиажолаушы келді. Оның ішінде:

- Алматы қаласының әуежайына – 14 рейс, 2 283 жолаушы;

- Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 6 рейс, 1 077 жолаушы;

- Шымкент қаласының әуежайына – 2 рейс, 244 жолаушы;

- Ақтау қаласының әуежайына – 1 рейс, 4 жолаушы;

- Атырау қаласының әуежайына – 1 рейс, 9 жолаушы келді.

Барлық жолаушы COVID-19-ға ПТР тестілеу туралы анықтамамен келген.