Қазақстанда вакцина салған тұрғындар саны 1 млн 300 мыңға жуықтады

Автор: Azattyq Rýhy

Ең аз вакцина салынған өңір ретінде Маңғыстау облысы тіркелді

Фото: iz.ru

1 мамырдағы мәлімет бойынша Қазақстанда 1 293 379 адам COVID-19 вирусына қарсы вакцина салдырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгінгі таңда елімізде 1 293 379 адам коронавирус вакцинасының бірінші компонентін салдырды. Екінші компонентті салдырғандар саны 266 457 адамға жетті. 

Халықты вакцинациялау бойынша өңірлер арасында Алматы қаласы көш бастап тұр. 218 243 алматылық тұрғын вакцинаның бірінші компонентін алып үлгерген. 

Ал ең аз вакцина салынған өңір ретінде Маңғыстау облысы тіркелді. Бұл облыстағы тек 26 042 адамға вакцинаның бірінші дозасы егілген.