Шұғыл«Тауық пен сиырдың айырмашылығын білмейді» – Нұрлан Нығматулин Экология министріне ауылға баруға кеңес берді

«Дуэт құрсаңыздар да болады»: Шпекбаев пен Байменов ән айтты

Шенеуніктер қосылып ана туралы ән орындады

Фото: sputniknews.kz

Әлеуметтік желіде Сыбайлас жемқорлықа қарсы іс-қимыл агентігінің төрағасы Алик Шпекбаев пен Астана Мемлекетік қызмет хабы басқарушы комитетіні төрағасы Әлихан Байменовтың бірігіп ән салған видеосы кең тарап кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі. 

Видеоны Фейсбук әлеуметтік желісінде zannews.kz медиа-орталығы жариялаған. 

«Ел аузында жүрген алаштың арқа сүйер азаматтарының аналарымызға жолдаған әнін қабыл алыңыздар», деп жазылған видеоның сипаттамасында.

Видеодан Аликбаев пен Шпекбаев «Адал тұлға- 2019» VII жалпыұлттық премиясының салтанатты жиынында ән салғанын байқауға болады. Олар көшілікке танымал «Ана туралы жыр» әнін орындаған. Ән айтып болған соң асаба оларға «Сіздер бірігіп дуэт құрсаңыздар да болады. Зейнетке шыққанда айналысатын жұмыс табылды» деп қалжыңдаған.

Айта кету керек, 9 желтоқсанда Халықаралық жемқорлықпен күрес күніне орай елордада «Адал тұлға- 2019» премиясы табысталған еді.