COVID-19-ға қарсы вакцина еккендер Қазақстанға келгенде ПТР-анықтама көрсетпейді
ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің жаңа қаулысы шықты
Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Ерлан Қиясов Қазақстандағы карантин туралы қаулыға өзгерістер енгізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қаулыға сәйкес, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы теміржол, теңіз, өзен көлігінде және автоөтпе жолдарында өткізу пункттері арқылы Қазақстан Республикасына келетін адамдарға қатысты іс-шараларды мынадай тәртіппен жүргізуді қамтамасыз етсін:
- оларды ертіп жүретін адамдарда Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын кесіп өткен кезде нәтижесін алған күннен бастап 3 тәуліктен аспайтын уақыт өткен, ПТР әдісімен COVID-19-ға тесттің теріс нәтижесі бар анықтама болған кезде 5 жасқа дейінгі балаларды;
- Қазақстан Республикасының үкіметтік делегацияларын; локомотив бригадаларының мүшелерін; теміржол, теңіз және өзен көлігіндегі тасымалдау қызметімен байланысты адамдарды;
- құжаттамалық растауды ұсынған жағдайда Қазақстан Республикасында COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын алған Қазақстан Республикасының азаматтарын және Қазақстан Республикасының аумағында тұруға ықтиярхаты бар адамдарды қоспағанда, Қазақстан мемлекеттік шекарасын кесіп өткен кезде барлық келетін адамдар Анықтаманы ұсынуға міндетті;
«Қазақстан Республикасының үкіметтік делегацияларын; локомотив бригадаларының мүшелерін; теміржол көлігіндегі тасымалдау қызметіне байланысты адамдарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы теміржол, теңіз, өзен көлігінде және автоөтпе жолдарында өткізу пункттері арқылы Қазақстан Республикасына келетін адамдарға қатысты шектеу шаралары осы қаулыға сәйкес жүргізіледі», - делінген қаулыда.
Қаулының толық мәтінімен мына жерден таныса аласыздар.