Үсік жүреді: Қазақстанның басым бөлігінде ескерту жарияланды
Еліміздің кей өңірінде қатты жел соғып, бұршақ жауады
Синоптиктер ауа райының бұзылуына байланысты еліміздің он өңірінд дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Атап айтқанда, Батыс Қазақстан облысының жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.
1 мамырда Шығыс Қазақстан облысында күндіз кей жерлерде найзағай ойнап, бұршақ жауады.
Ақтөбе облысының кей жерлерінде 3 градус үсік жүреді.
Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл соғады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз күші кей жерлерде 15-20, екпіні 25 м/с жетеді.
Ақмола облысында солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с жетеді.
Қостанай облысының кей жерлерінде 3 градусқа дейін үсік жүреді. Кей жерлерде тұман түседі.
Солтүстік Қазақстан облысында солтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с жетеді. Түнде 1 мамырда кей жерлерде үсік 1-3 градус болады.
Павлодар облысында түнде кей жерлерде 1-3 градус үсік жүреді. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде кей жерлерінде 15-20 м/с, күндіз көптеген аймақта 15-20 м/с жетеді.