ШұғылҚазақстанда өткен тәулікте 2443 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды

СІМ-де АҚИҰ-мен ынтымақтастық мәселелері талқыланды

Қыркүйек айында Нұр-Сұлтан қаласында АҚИҰ-ның 4-ші Бас ассамблеясы өтеді

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Шахрат Нұрышев Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымының (АҚИҰ) Бас директоры Ерлан Байдаулетпен кездесті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында АҚИҰ басшысы Ұйымның алдағы жоспарлары мен бағдарламалары туралы хабардар етті. АҚИҰ-ға мүше мемлекеттер қатарын көбейту, оның беделін арттыру және ислам әлемінде азық-түлік қауіпсіздігін арттыруға бағытталған нақты жобаларды жүзеге асыру мәселелеріне басты назар аударылды.

Сонымен қатар, Е.Байдаулет 2021 жылғы қыркүйек айында Нұр-Сұлтан қаласында АҚИҰ-ның 4-ші Бас ассамблеясын өткізуге дайындық барысы туралы ақпарат берді.

Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымы 2012 жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылды. Штаб-пәтері Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан.