ШұғылҚазақстанда өткен тәулікте 2443 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды

Халық әртісі Ескендір Хасанғалиев дүниеден өтті

Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрқиса Дәуешов хабарлады

Белгілі әнші әрі композитор Ескендір Хасанғалиев дүниеден өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрқиса Дәуешов Facebook-парақшасында хабарлады.

«Ардақты ағамыз, асыл ағамыз, әйгілі композитор, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, Қазақ КСР халық артисі Ескендір Өтегенұлы Хасанғалиев өмірден озды. Марқұмның жақындарына қайғырып көңіл айтамын. Иманы саламат болсын», - деп жазды Нұрқиса Дәуешов.

Айта кетерлігі, Ескендір Хасанғалиев коронавирус жұқтыру салдарынан 22 сәуір күні жансақтау бөліміне түскен болатын.

Ескендір Хасанғалиев 1940 жылы 13 ақпанда Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген.

Е. Хасанғалиев – әнші, (лирикалық баритон), композитор, музыкант, Қазақстанның белгiлi эстрaдaлық әншiлерi орындaйтын көпшiлiкке жaқсы тaнымaл әндердiң aвторы. Қазақ КСР-нің Халық артисі (1984). Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының иегері (2006). Батыс Қазақстан облысының Құрметті азаматы (2010).