Ұлттық ұлан Әскери институтының офицері қамауға алынды

Автор: Azattyq Rýhy

Батальон командирі қол астындағы қызметкерден пара алды деген күдікке ілінді

Azattyq Rýhy / Батыржан Беспаев

СҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі жемқорлық құқықбұзушылық жасағаны үшін ҚР Ұлттық ұланы Әскери институты батальонының командирі әшкереленді. Ол әскери институт басшылығы тарапынан белгілеген тыйымға қарамастан, қарамағындағы қызметкерден гарнизон шегінен шығуға рұқсат бергені үшін 30 мың теңге сомасында ақшалай қаражат түрінде пара алды деген күдікке ілінді.

Күдікті Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-бабы тәртібінде ұсталып, Петропавл қалылық уақытша ұстау изоляторына қамалды. Күдіктіге қатысты оның кінәсінің дәрежесін анықтаумен түпкілікті шешімді сот шығарады.