28.04.2021, 09:07
Жаңалықтар
Коронавирус пен КВИ пневмониясы: өткен тәулікте 26 қазақстандық қайтыс болды
22 адам коронавирустан, 4 адам коронавирус белгілері бар пневмониядан көз жұмды
Фото: ашық дереккөзден
Қазақстанда бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан 26 адам қайтыс болды. Оның ішінде 22 адам коронавирустан, 4 адам коронавирус белгілері бар пневмониядан көз жұмды.
Өлім жағдайы Алматы (13), Нұр-Сұлтан (3), Шымкент (1), Ақмола облысы (1), Ақтөбе облысы (1), Жамбыл облысы (2), БҚО (1), Қарағанды облысы (1), Павлодар облысында (3) тіркелді.
28 сәуірдегі мәлімет бойынша, Қазақстанда коронавирустан 42 486 адам ем қабылдап жатыр, оның 14 705-і стационарда, ал 27 781 науқас амбулаториялық деңгейде емделуде.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
- 770 адамның жағдайы ауыр;
- 193 пациенттің жағдайы өте ауыр;
- 109 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
Көп оқылған
05.02.2026, 15:46
БҚО тұрғындарының жартысынан көбі қалаларда тұрады – статистика
05.02.2026, 09:37
«Арасында 1,5 жасар сәби бар»: Алматы облысындағы қыстақта төрт адамның мәйіті табылды (ВИДЕО)
05.02.2026, 14:44
СҚО-да оқушы қыз мектептің дәретханасында сірке суын ішіп, ауруханаға түсті - баланың жағдайы ауыр
05.02.2026, 14:07
Жаңаөзенде жаяу келіншекке көлігімен батпақ шашып кеткен ер адам ірі көлемде айыппұл арқалады
05.02.2026, 17:58
Астанада жылы аялдамалар «бомждардың» түнейтін орнына айналған (ВИДЕО)