27 сәуірге арналған ауа райы болжамы
Еліміздің кей өңірінде жаңбыр жауады

Синоптиктер сейсенбі, яғни 27 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Қазақстан аумағының басым бөлігінде антициклонның батыс жотасы әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы болуы мүмкін. Республиканың солтүстік жартысында атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты кей жерлерде жаңбыр жауады, найзағай соғады. Республиканың кей жерлерінде желдің күшеюі сақталады, солтүстікте тұман түседі», - делінген хабарламада.
Қостанай облысының кей жерлерінде тұман болады, жел 15-20 м/с күшейеді.
Ақмола, Жамбыл, күндіз Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с жетеді.
Маңғыстау облысында шаңды дауыл соғады.
Алматы облысының Алакөл аумағында жел 15-20 м/с дейін жетеді.