ШұғылЕлімізде тағы 7778 адамнан коронавирус анықталды

Қазақстанға халықаралық әуе рейстерімен бір тәулікте 3970 жолаушы келді

Барлық жолаушының COVID-19 вируысына ПТР-тестілеу туралы анықтамасы болды

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті 23 сәуірде халықаралық авиарейстермен келген жолаушыларға қатысты ақпарат ұсынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

2021 жылдың 23 сәуірінде Қазақстан Республикасының аумағына Австрия, ҚХР, БАӘ, Мысыр, Түркия, Моңғолия, Грузия, Ресей Федерациясы, Беларусь Республикасы, Әзірбайжан, Өзбекстан және Қырғызстаннан 30 халықаралық әуе рейсімен 3 790 авиажолаушы келді. Оның ішінде:

- Алматы қаласының әуежайына – 15 рейс, 1 977 жолаушы;

- Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 8 рейс, 965 жолаушы;

- Шымкент қаласының әуежайына – 4 рейс, 578 жолаушы;

- Ақтау қаласының әуежайына – 2 рейс, 178 жолаушы;

- Атырау қаласының әуежайына – 1 рейс, 92 жолаушы келді.

Барлық жолаушы COVID-19 вируысына ПТР-тестілеу туралы анықтамамен келген.

«Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 12 сәуірдегі №13 қаулысына сәйкес, авиакомпания басшылары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен сәтте нәтижесі берілген күннен бастап 3 тәуліктен аспайтын уақыт өткен, ПТР әдісімен COVID-19-ға тесттен өткені туралы анықтаманы ұсынбаған жолаушыларды әуе кемесінің бортына отырғызуға жібермеуге міндетті», - делінген хабарламада.