Өткен тәулікте республика бойынша 2837 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 24 сәуірде жариялаған өңірлердегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, коронавирустың таралуы бойынша еліміздің 10 өңірі әлі де «қызыл» аймақта тұр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Атап айтсақ:
«Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Атырау, Ақтөбе, Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Маңғыстау облыстары тұр;
«Сары» аймақта: Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қостанай және Павлодар облыстары тұр;
«Жасыл» аймақта: –Түркістан және Солтүстік Қазақстан облыстары тұр.
Айта кетсек, өткен тәулікте республика бойынша 2837 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды. Жалпы, еліміз бойынша COVID-19 вирусымен ауырғандар саны 303 570 адамға жетті. Сондай-ақ елімізде коронавирус пен пневмониядан бір тәулікте тағы 27 адам көз жұмды.