Елімізде коронавирус пен пневмониядан бір тәулікте 27 адам көз жұмды
Республикада КВИ жұқтырған 746 адам ауыр жағдайда жатыр
Денсаулық сақтау министрлігі 24 сәуірдегі коронавирус инфекциясымен ауырғандарға қатысты ақпаратты жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Өткен тәулікте COVID-19 вирусынан 23 адам, КВИ белгілері бар пневмониядан 4 адам қайтыс болды.
Министрлік мәліметі бойынша, 40 682 адам коронавирус инфекциясынан (40 172 КВИ+ және 510 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 14 395 пациент стационарда, 26 287 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 746 адамның жағдайы ауыр;
• 150 пациенттің жағдайы өте ауыр;
• 93 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
Сондай-ақ, 22 сәуірдегі мәлімет бойынша 93 жаңа жағдай тіркелді, 4 жағдай өліммен аяқталған. 77 адам жазылып шыққан.
2020 жылдың 1 тамызынан бастап:
науқастар саны – 52 348;
өлім жағдайлары – 768;
барлығы 51 070 адам сауығып шықты.