Қазақстанда 8 әуе компаниясының қызметі тоқтатылады

Автор: Azattyq Rýhy

Ұшу қауіпсіздігі талаптарын сақтамаған әуе компанияларының ішінде «Бек Эйр» де бар

 

Қазақстанда 8 әуе компаниясының қызметі тоқтатылады. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Авиациялық әкімшілік 2020 жылы ұшу және әуе қауіпсіздігі саласында келесі іс-шараларды атқарды:

- 65 инспекциялық тексеріс;
- 9 әуе компаниясын сертификаттау;
- аэронавигация саласында 17 аудит;
- 31 әуе айлақты сертификаттау;
- әуе айлақтарына 19 инспекциялық тексеріс.

Тексеру нәтижелері бойынша ұшу қауіпсіздігі бойынша талаптарды сақтамаған 8 әуе компаниясының, оның ішінде, «Бек Эйр» компаниясының қызметі тоқтатылды.