Қазақстандық депутат коронавирустан көз жұмды

Автор: Azattyq Rýhy

Қатауолла Ашығалиев 90 жылдары Орал қаласының әкімі қызметін атқарған

Қатауолла Ашығалиев, фото: mgorod.kz

Батыс Қазақстан облысы мәслихатының депутаты Қатауолла Ашығалиев коронавирус пневмониясынан қайтыс болды. Бұл туралы өңірдің денсаулық сақтау басқармасынан хабарланды.

Басқармадағылардың айтуынша, КВИ пневмониясына шалдыққан мәслихат депутаты соңғы 4 күн бойы облыстық көпбейінді аурухананың жансақтау бөлімінде жатқан және 23 сәуірге қараған түні қайтыс болған.

Қатауолла Ашығалиев 1948 жылы 26 ақпанда туған. 1993-1994 жылдары Орал қаласының әкімі қызметін атқарды. 2016 жылы Батыс Қазақстан облысынан республикалық жер комиссиясының құрамына кірді. 1999 жылдан бері облыстық мәслихаттың депутаты.