Казинодан 1,5 млн теңгеге жуық қаражат тәркіленді
Қаржылық мониторинг агенттігінің Ақмола облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті қызметкерлері Нұр-Сұлтан – Көкшетау автожолының бойында орналасқан казиноның заңсыз жұмыс істеп тұрғанын анықтады.
Тексеру барысында астыртын жұмыс істеген казинодан 1 миллион теңгеден астам және 900 доллар сомасындағы ақша қаражаты, «покер» ойынына арналған фишкалар, ойын карталары табылып, тәркіленді.
Бұл жағдайға қатысты Қылмыстық кодекстің 307-бабы (ойын бизнесін заңсыз ұйымдастыру) бойынша тергеу басталды.