$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
22.04.2021, 20:23
Жаңалықтар

Маминге «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ның өндірістік қызметі туралы баяндалды

Сондай-ақ компанияның Қазақстандағы инвестицияларын ұлғайту жайы талқыланды

Маминге «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ның өндірістік қызметі туралы баяндалды
Фото: ашық дереккөзден

«АрселорМиттал Теміртау» АҚ бас директоры Биджу Наир ҚР Премьер-министрі Асқар Маминмен кездесті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Биджу Наир Үкімет басшысына кәсіпорынның қазіргі өндірістік қызметі туралы айтып берді.

«Кездесуде сонымен қатар компанияның Қазақстандағы инвестицияларын ұлғайтудың, ең алдымен қоршаған ортаны жақсартуға және өндірісті жаңартуға бағытталған жоспарлары талқыланды», - делінген компанияның баспасөз хабарламасында.

Айта кетсек, 21 сәуір ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев «АрселорМиттал» АҚ басшылығымен кездесіп, компанияның қоршаған ортаға шығарындыларын 2025 жылға қарай 30%-ға азайту бойынша жаңа жоспарымен танысқан болатын.

Шығарындыларды азайтудың жаңа стратегиясына сәйкес, зауыт балама экологиялық шараларды қолданбақ.

Алдағы 5 жылда қоршаған ортаны жақсартуға кем дегенде 380 млн АҚШ доллар инвестиция cалуды жоспарлап отыр.

Серіктес жаңалықтары